top of page

"EAST" СЧАСТЛИВОГО ПУТИ
для себя отдых в ВКО
Unknown Track - Unknown Artist
00:00 / 00:00
Шығыс !
Күн туған жер таңғы арай нұрын шашып
Ай туған жер қалқып түн дымын басып
Мұзтауы тұр сәуле өпкен бұлт тоқтатып
Ал Алтай, Тарбағатай жырын шашып
Шығыс!
Марқа Зайсан Алакөл толқыған жер
Алтын күміс мыс мырыш балқыған жер
Арқар марал тау шыңда асыр салып
Төрт түлігі бауырында шалқыған жер
Шығыс!
Ғұлама Абай туған киелі жер
Мұхтарын Шәкәрімін сүйеді ел
Оралхан Қабдештердің қаламымен
Толғанған мол тарихқа иелі жер
Сол жерде батыр туған ер жүректі
Сол дала барша жанға кеңдік етті
Шығысым, туған жерім шеткейімде
Ұлының жүрегін де елжіретті !!!


